24
December
2018
Көркемсөз байқауы (сыныптан тыс жұмыс)
Көркемсөз байқауы (сыныптан тыс жұмыс)
Өткізген: өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.Копбаева
Тақырыбы: Алтын жүрек анамыз!
Мақсаты: Оқушылардың оқу мәнерін меңгеру,дүниетанымын дамыту,өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру,көркем сөздің ой-мазмұнына сай болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер,ақын жазушылардың балаларға арналған шығармалар жинағынан көрме,нақыл сөздер,аудиотаспа.
Сайыстың барысы:
1-жүргізуші:
-Армысыздар көрермен қауым! Бүгінгі 4-5-6 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Алтын жүрек анамыз» атты әдеби –мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Ей,өлең,қайтсем саған жан бітірем,
Жансыз өлең жанымды алды кілең.
Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп,
Ей,өлең,қайтсем саған жан бітірем.
1-жүргізуші:
Алдымен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысының басты ережелеріне тоқталып өтсек.
1. Сайысқа қатысушы оқушылар белгілі ақын жазушылардың және өздері шығарған шығармаларынан «ана», «достық», «бірлік» тақырыбындағы өлеңдерін оқиды.
2.Оқушылардың өлеңдері тақырыпқа сай ,бір шығарма болу керек.
3.Өлеңнің тақырыбы жас ерекшелігіне сай болу керек.
4.Өлең жатқа және мәнерлеп оқылуға тиісті.
5 .Өлең оқыған оқушының жүріс-тұрысына,сахнадағы мәдениетіне,дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.
2-жүргізуші:
Олай болса,сіздерді әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құрбаниязова С
2.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қайнарбаева Г
3.Мектеп психологы Нурпейісова Д
1-жүргізуші:
Ендігі кезекті сайыскерлеріміздің дайындап келген өлеңдеріне берейік.
(4-5-6 сынып оқушылары арасынан шыққан сайыскерлер өз өлеңдерін жатқа,мәнерлеп айтып шығады.)
2-жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір-күрес,жеткізе ме мұратын?
Жеңбедім,жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс,жан болсаң сен ұғатын- деп ортаға әділқазылар алқасын шақырып,әділқазылардың шешімін тыңдап,марапаттауларға кезек берейік.
1-жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық
Мезгілде бірақ жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осыменен байқауымыз аяқталды!
Назарларыңызға көп рахмет!