«Тіл тағдыры- ел тағдыры» әдеби- сазды кеш » "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
"Алматы облысы білім басқармасының"
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 715-87-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 715-87-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тіл тағдыры- ел тағдыры» әдеби- сазды кеш
07
октябрь
2023

«Тіл тағдыры- ел тағдыры» әдеби- сазды кеш

Сілтеме

«Тіл тағдыры- ел тағдыры» әдеби- сазды кеш
Күрескер,қайраткер, ақын-жазушы, ағартушы, тұла бойына адамгершілікті, адалдықты сыйғыза білген Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесімен бірге тойланып , Қарасай аудандық мәдениет үйінде « Тіл тағдыры- ел тағдыры» атты әдеби- сазды кеш өткізілді.
Кештің қадірлі қонақтары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері,филология ғылымының кандидаты Нұрсауле Мақсұтқызы, Сүлеймен Демирель университетінің филология ғылымы кандидаты Бота Хасен ,
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражай қызметкері Әділет Ахмет ,
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, жетекші ғылыми қызметкері Қазбек Мадияр мырза , «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, Тіл жанашыры ардагер ұстаз Көсемова Ақлима болды.
Кеште аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров тілдің ұлт өміріндегі маңызды орнына ерекше мән беріп, ұлттың ұлт болып қалуының өзі тілге байланысты дей отырып, аудан ұстаздарын тілдер мерекесімен құттықтап, марапаттады.
«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» ықпалымен «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» «Ұлт ұстазының ұлы мұрасы» тақырыбында ұйымдастырған аудандық және республикалық іс- шара жүлдегерлерін Қарасай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдер дамыту және спорт бөлімінің басшысы Күлжан Дүйсенова марапаттады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының филология ғылымының кандидаты Нұрсауле Мақсұтқызы өз баяндамасын: «Тіл - ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты»,-деп қорытындылады. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив