Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету. Мектеп педагог психологтары
«Қарасай аудандық білім бөлімі»
Мемлекеттік мекемесі «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі» КММ
Мектеп педагог психологтары
Өмірдің мәні не? Айналаңа қызмет етіп, көмек көрсету.
Аристотель
Біз туралы
Сәлеметсіздерме! «Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебінің» педагог психологтары Джолтаева Багдат және Аманкосова Камила. Құрметті оқушылар және ата-аналар еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты оқушыларымыз қашықтықтан оқуға ауыстырылды. Осы орайда педагог психологтардың жұмыстары онлайн режимінде жүргізіледі. Сіз біздермен төмендегі онлайн форманы толтыру арқылы байланыса аласыз. Форма толтырылғаннан кейін біз сіздермен міндетті түрде хабарласып, сұрақтарыңызға жауап береміз. Осы сайт арқылы сынып жетекшілер және ата-аналар, оқушылар консултацияға өтініш жібере аласыздар. Педагог психологтар жайлы қысқаша ақпарат.
Джолтаева Багдат педагог-психолог, білімі жоғары. «Орталық Азия университетін» бітірген. Педагогика және психология ғылымдарының магистрі. Еңбек өтілі 4 жыл.
Аманкосова Камила педагог-психолог, білімі жоғары. «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін» бітірген. Психология ғылымдарының магистрі. Еңбек өтілі 4 жыл.
«Өз-өзіңді жеңу - жеңістердің жеңісі!». Дәл осындай тандемде сіздің шешіміңіз өзіңізді міндетті түрде таңқалдырады және қуантады.