Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы » "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
"Алматы облысы білім басқармасының"
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 715-87-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 715-87-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2019

Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы

Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген- Елбасы»
Мақсаты:а). Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру;
ә) Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру.
б) Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу
Ресурстар: суреттер, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ:
Жоспар:
1.Елбасы өмірі
2. Елбасы болмысы
3. Жыр арнаймын өзіңе Елбасы жайлы тақпақтар
4. Топтық жұмыс
5.Елбасыға тілек... тілек жазу
6.Қорыту
1.Психологиялық дайындық
Бір,екі ,үш,
Бойға жинап күш.
Тәрбие сағатын бастаймыз,
Білімнен біз қашпаймыз.
Құмырсқаның илеуі әдісі бойынша топқа бөліну
1-топ: Елбасы
2-топ Көшбасшы
3-топ: Қолбасшы
Ой қозғау. Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелер бар? Оқушылардың жауаптары. Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға арналады.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады) Бүгін 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған Ел тірегі Елбасы атты тәрбие сағатымызды бастаймыз
Мұғалім:Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
Н.Ә.Назарбаев кім? Осы атамыз жайлы тоқталып өтейік.
Бақытжан :Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Аяулым:Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Калым Еркеназ. Жасынан зерек, алғыр азаматболған. Нұрсұлтан ата 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты.
Арман: Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.
Асыл: 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. . Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.Әли: Елбасының көптеген кітаптары бар. Атап айтсақ
Бейбітшілік кіндігі (А., 2002),
Сындарлы он жыл (А., 2002),
Еуразия жүрегінде (А., 2005).
Қазақстан жолы (А., 2012). Тәуелсіздік белестері т.б.
Саяжан: Н.Назарбаевтың Жан шуағы атты шағын жыр жинағынан оқиды
Айсұлу: Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда ол кісінің сүйікті істеріне табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу жатады.
Гауһар: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.ЭКСПО – жайлы айту,әңгімелету.
Елбасы жайлы жырлар
Жания: .Тұратұғын болашақтың үні кепТ артылар күй айтылатын жыры көпЕрекше бір еркіндейік, бауырларБасшымыздың бүгін туған күні деп
Гүлім:Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Жәлел Кәусар:Тәуелсіздік туы міне желбіреді.
Қазақпенен басқа ұлт өкілдері,
Бір шаңырақ астына жиналғаны
Елбасы Нұр ағаның зор еңбегі

Серік
: Ең бастысы білім дейді Нұр аға,
Елбасының сөзі ұрандай жастарға.
Үміт артқан біз жалынды жастармыз,
Қазақ елін жетелейтін тек алға!

Жасұлан
: Қазақстаным, кең далам.
Бүгінде бас иеді бар ғалам,
Нұр ағаның арқасында бүгінде
Қазақстан танылған бар әлемге.

Ғалымжан
КеңбайтаққойҚазақстан картасы,Астанамен айшықталған ортасы.Бүгін бізге таңдайқағар күлліәлем,Бұныңбәрі Елбасыныңарқасы.

Мерей
Шықты тарап ой-данадан,Беріқарап жұлдыз беті.Өзіқалап сайлап алған,Елімніңбар Президенті
Калым Еркеназ: Оянады көңілденқайдағы арман,Бақыт желі ескендей жайлап алған.Президентім бар меніңелі түгел,Ақкиізге көтеріп сайлап алған.

Қолқанат
Бірде шырқап, бірде төменқұлаған,Өмір жолы болғанқиын бұралаң.Қазағымды жарқын жолға бастадыЕлбасы боп сайланды да Нұр ағам.Бақытжан:Естімейік енді елдіңжылағанын,Қайтақұлап, бостандықсұрағанын.Абылайдыңжолымен алға басқан,Құт болсын нұрлы жолы Нұр ағаның.Толғанай: Биіктей бер, Нұр аға,Қыранқанат талмасын.Қадірлемей тұра ма,Халықсіздей тұлғасын.Мұхамбетжан Еркеназ:Гүлдене бер, Отаным,Көтерген туын Нұр ағам!Көбейткен достыңқатарын,Нұр аға – біздіңұлы адам.

Нұрсұлтан
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,Ақниетті халықдеген данам ба.Әли: Ауыркүнді артымызға тастауы –Қиын сәттеқиындықтанқашпауы.Тілім,дінім,ұлтымқайта көгерген,Елбасымыз Нұрағаңныңбастауы

Рая
Тудыұстап тура жолға түсіріп,Жас Отанныңөмірін де түсініп,Елім,жерім депұрандап тайсалмай,Бір керемет жасады-ау кісілік! Асыл: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,Елім айтқан ел көтерер жердаңқын.Президентім, елбасы, аман болғай,Мәңгі жаса, жасқазағым,өр халқым!Топтық жұмыс
1топ Қазақстан сөзінен сөздер шығару.
2 топ Н.Ә. Назарбаев кім?
3 топ. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. Оны қай жерден көресің?ІІІ. Қорытынды бөлім
Күн күлтелерінен Елбасыға тілек... тілек жазу.
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін. Бүгінгі шарамызды Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа!.
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

Бастауыш мұғалімі Ермаханбетова Б

Похожие публикации:

20 декабрь 2018 10-ға дейін санау
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив