«2021-2022 оқу жылында оқушылардың қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау» » "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі" КММ
"Алматы облысы білім басқармасының"
Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 715-87-55
Есепші бөлімі:
+7(727) 715-87-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «2021-2022 оқу жылында оқушылардың қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау»
19
декабрь
2021

«2021-2022 оқу жылында оқушылардың қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау»

«Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бұйрық № 191

31 тамыз 2021 жыл Жібек жолы ауылы


«2021-2022 оқу жылында оқушылардың
қауіпсіздік техникалық ережелерін
сақтау» туралы

0-11 сынып оқушыларының өмірін сақтау және түрлі техникалық қауіпсіздік шараларын алдын-алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Оқушылардың сабақ уақыты кезінде өмірінің қауіпсіздігіне байланысты іс-шаралар жасалып, оны орындау және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін оқушылар мен ата-аналарына түсіндіру жұмыстары сынып жетекшілеріне жүктелсін.
2. Сабақ уақыты кезінде оқушылар мектептің ішкі тәртібін сақтамаған, мектеп талабына бағынбаған оқушылар мектеп инспекторы мен ата-аналармен бірлесіп жұмыстар жүргізуді дтіжо О. Турмановқа, А. Ускенбаеваға міндеттелсін.
3. Дәріханадан дәрігердің рұқсатынсыз дәрі алуға және ата-анасының қарауынсыз қолдануға болмайтыны туралы ескерту жұмыстары сынып жетекшілерге жүктелсін.
4. Кешкі сағат 21.00 ден кейін көшеде жүруге, кешкілік демалыс орындарына баруға, сынып жетекшіге ескертусіз отырыстар жасауға , ата-анасыз басқа ауылға бармау жауапкершілігін ата-аналарға жеткізу сынып жетекшілерге жүктелсін.
5. Оқушылардың пышақ, газ баллон, бәкі т.б. суық қаруларды ұстауға және мектепке алып келуге тыйым салынсын. Электр сымын ұстауға, газ құбырларының тетіктерін бұруға болмайтыны туралы ата-аналарға қатаң түрде ескерту сынып жетекшілер міндеттелсін.
6. Оқушылардың жол тәртібін сақтамай жолда жүру ережесін бұзуға , темір жолды кесіп өтуге, темір жолдағы арнайы көпірден өту керек және кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың көлік жүргізуіне жол бермеуін ата-аналарға ескерту сынып жетекшілерге міндеттелсін.





7. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта жолда жүру қауіпсіздігі үшін, мектепке әкеліп алып кету туралы қол хат алу сынып жетекшілерге міндеттелсін. ата-аналардан сынып жетекшілері қол хат алу сынып жетекшілеріне міндеттелсін.
8. Адам денсаулығына зиянды заттар пайдаланбауға (алкогольдік ішімдіктер ішуге, егу құралдарын пайдалануға, темекі, наша тартуға) жол бермеу мақсатында ата-аналар мен сынып жетекшілерге жүктелсін.
9. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы өткізіліп, хаттамалар, қол хаттар алу сынып жетекшіге міндеттелсін.
10.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары О.Турманов, А.Ускенбева және педагог-ұйымдастырушы Н. Әлипке міндеттелсін.



Мектеп директоры А. Болымбекова