19
сентябрь
2025
“Жыл мұғалімі – 2025”
“Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әліп Нұрахмет Шәріпханұлы облыстық деңгейде өткен “Жыл мұғалімі – 2025” байқауында 17 ауданның ішінен озып шығып, жүлделі II орынды иеленіп, зор жетістікке қол жеткізді.
Бұл — Қарасай ауданының үлкен жетістігі мен жемісінің бірі. Жас та болса, ұлағатты ұстаз бола білген Әліп Нұрахмет Шәріпханұлының табандылығы мен ізденімпаздығы, шығармашылығы мен кәсіби шеберлігі осы жеңістің басты кепілі болды.