19
сентябрь
2025
“Жыл мұғалімі – 2025” байқауында 17 ауданның ішінен озып шығып, жүлделі II орынды иеленіп, зор жетістікке қол жеткізді.
“Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жас маманы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әліп Нұрахмет Шәріпханұлы облыстық деңгейде өткен “Жыл мұғалімі – 2025” байқауында 17 ауданның ішінен озып шығып, жүлделі II орынды иеленіп, зор жетістікке қол жеткізді.Бұл — Қарасай ауданының үлкен жетістігі мен жемісінің бірі. Жас та болса, ұлағатты ұстаз бола білген Әліп Нұрахмет Шәріпханұлының табандылығы мен ізденімпаздығы, шығармашылығы мен кәсіби шеберлігі осы жеңістің басты кепілі болды.
Ұстазымыздың жеңісі арқылы мектебіміздің де, ауданымыздың да мерейі үстем болып, мәртебесі асқақтады. Сонымен қатар, байқау жүлдегері 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны иеленіп, еңбегінің лайықты жемісін көрді.
Бұл жетістік — Қарасай ауданы білім беру жүйесінің дамуы мен жас мамандардың әлеуетін айқындайтын үлкен көрсеткіш. Алдағы уақытта да Әліп Нұрахмет Шәріпханұлы сынды жас ұстаздарымыздың табысы көбейіп, ауданымыздың абыройын асқақтата беретініне сеніміміз мол!