11
сентябрь
2025
11 қыркүйек күні Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте «Сөзі – өнеге, мұрасы – мәңгілік» интеллектуалдық ойыны өтті. ✨

📢 Құрметті ұстаздар мен жас мамандар!
11 қыркүйек күні Қарасай ауданы, Жібек жолы ауылындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте «Сөзі – өнеге, мұрасы – мәңгілік» интеллектуалдық ойыны өтті. ✨
🎯 Байқаудың мақсаты – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін жас ұрпаққа насихаттау, жастардың патриоттық рухын арттыру және жас мамандардың шығармашылық әлеуетін шыңдау болды.
👥 Әр мектептен 4–5 жас маманнан құралған командалар қатысып, үш кезең бойынша өз білімдері мен өнерлерін көрсетті:
1. «Кім жылдам? Кім тапқыр?» – сұрақ-жауап сайысы;
2. «Сөзден ғибрат» – мысалдардың атауы мен мазмұнын айту;
3. «Ахметтен аманат» – сахналық қойылым көрсету.
🏆 Байқау нәтижесінде жеңімпаздар аудандық білім бөлімінің атынан I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
⸻
👉 Бұл шара жас мамандардың рухани дамуына, ұстаздық жолдағы ізденістеріне үлкен серпін берді. 🇰🇿
#АхметБайтұрсынұлы #ИнтеллектуалдықОйын #ЖасМаман #ҚарасайАуданы