13
август
2025
ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше шара өтті.

Мектебімізде ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше шара өтті. Іс-шараны мектеп әкімшілігі ұйымдастырып, оны “Түнгі кітапхана” форматында өткізді.
Кеш барысында қатысушылар Абайдың жүрекке жақын әндерін — “Көзімнің қарасы” мен “Желсіз түнде жарық ай” — нақышына келтіріп орындады. Сонымен қатар, ақынның 10 қара сөзі талқыланып, ұстаздар ой-пікірлерімен бөлісті.
Бұл түнгі әдеби басқосу жас ұрпақты Абайдың мәңгілік мұрасымен тереңірек таныстырып, рухани байлық сыйлады.