13
май
2025
Әр айда 1 кітап оқу челленджі

Мамыр айының кітабы — Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя” шығармасы.
Әр айда 1 кітап оқу челленджі аясында жыл бойына бірнеше құнды туындылармен танысып, кітап оқудың маңызын сезіндік.
Б.Момышұлы — тек соғыс қолбасшысы ғана емес, өз заманының көрнекті жазушысы. “Ұшқан ұя” арқылы оның балалық шағы, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтар, батырлық рухы жайлы терең мағлұмат алуға болады. Бұл шығарма — ұлт рухын көтеретін, жас ұрпаққа үлгі болатын туынды.
Әдеби кітаптар оқу — тек білім емес, тәрбиенің де қайнар көзі. Әрбір басшы мен ұстаз кітап оқуға бағыт беріп, оқушылардың ой-өрісі мен тіл байлығын дамытуға үлес қосуы тиіс.
Кітап — тұлға қалыптастыратын күш.